НУ мәтін
11 ғасырдан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Қазіргі Тараз қаласының батыс шетінде. Кесене Қарахан әулетінен шыққан белгілі хан Ша-Махмұд Бұғра Қарахан қабірінің басына орнатылған. Күмбезі ғана құлаған кесененің төрт қабырғасы мен жылтыр кірпішпен өрнектелген қос мұнарасы 19 ғасырдың 90-жылдарына шейін сақталған. 1905 жылы оның құлаған бөлігі түгелдей бұзып алынып, орнына 1906 жылы жаңа кесене салынған. Жаңа құрылысты сол кездегі Ташкентишаны Сайд Бакханов қаржыландырған. Кейінгі салынған кесене алғашқысына ұқсамайды.
Ежелде Қарахан атты батыр болған деседі. Ол Айша бибіге ғашық болады. Бірақ Айша бибінің әкесі мен Қарахан батыр бір-біріне жау болатын. Бір күндерде Қарахан Айша бибінің әкесінің ауылын шауып, Айша бибіні алып қашпақшы болады.
2- мәтін
ХІ-XII ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Жамбыл облысы Жамбыл ауданында Айша бибі ауылында орналасқан. Сырты керамикалық плиталармен қаланып, ойып жасалған өрнектің сән-салтанаты мен сан түрлілігі жағынан Қазақстандағы басқа мемориалдық-дәстүрлік ескерткіштер ішінде оған тең келетіні жоқ. Ескерткішті қалаған кірпіштердің әртүрлілігінің өзі таң қалдырады. Оның алғашқы қалпы біздің уақытымызға дейін тек батыс қабырғасында сақталған.
Ескерткіш туристтерді тек қана ерекше сәулетімен ғана емес, сонымен қатар сұлу Айша бибі мен батыр Қарахан арасындағы шексіз махаббаты туралы аңыз да қызықтырады. Аңыз бойынша Айша өзінің ғашығы Қараханға бара жатқан жолында жыланның шаққанынан қайтыс болған. Айша бибі тарихтан белгілі Қараханның әйелі. Күмбезді сол Қарахан (Әулие ата) салдырған. Бірақ кесенені салған сәулетші туралы нақты дерек жоқ.
Екі мәтінге талдау жасаңыз.
1-мәтін 2- мәтін
тақырбы
кейіпкері
күмбез орналасқан жері
аңызы\легенда
ұқсастығы (2 сөйлем)
1 мәтін
Тақырыбы: Қарахан
Кейіпкері: Ша-махмуд Бұғра Қарахан, Айшабибі
Күмбез орналасқан жері: Қазіргі Тараз қаласының батыс шетінде.
Кейіпкерлер туралы аңыз: Қарахан Айшабибіні алып қашпақ болады.
2 мәтін
Тақырыбы: Айшабибінің кесенесі
Кейіпкері: Қарахан, Айшабибі
Күмбез орналасқан жері: Жамбыл облысы, Жамбыл ауданында, Айшабибі ауылында.
Кейіпкерлер туралы аңыз: Айша өзінің ғашығы Қараханға бара жатқан жолда жыланның шаққанынан қайтыс болады. Ұқсастығы: Қараханмен Айшабибінің тарихы.