NNI [ IO ORLYPTKI
1-тапсырма. Ойбеліс. Сұрақтар бойынша пікірлеріңді айтыңдар.
1. Өткен тақырыптарда саяхат тарихына қатысты әртүрлі
мағлұмат алдыңдар. Геродот, Шоқан Уәлиханов замандарындағы
саяхаттың мәнін түсіндіңдер. Бүгінгі кезеңдегі саяхат түрлерінің
немесе экспедициялардың олардан қандай айырмашылығы бар?
2. «Саяхатшыларды не қызықтырады? Әрине, саяхат әр-
кімнің өз қалауы мен мақсатына, мүмкіндігіне байланысты.
Саяхаттың танымдық қызметімен бірге тәрбиелік, сауықтыру-
шылық және спорттық қызметтері де бар» деген пікірді қалай
түсінесіңдер?
3. Жаңа дәуірде саяхат пен туризмнің жеке адамдар үшін,
мемлекет үшін қандай маңызы бар?
2-тапсырма. Төмендегі суретке қара. Суреттің бұл стилі
саған таныс па? Ол қалай аталады? Осы жанрды алғаш енгізген кім? Ол
туралы оқулықтың қай тақырыбында айтылған еді? Есіңе түсір.