Өнер жігіт көркі тақырыбына шығарма​

dia49724zyf dia49724zyf    3   31.01.2021 16:06    1

Ответы
dan4280 dan4280  31.01.2021 16:10

Қазыналы қазақ қашанда қым-қуыт тірлікті өнегелі өрілген сөзбен сипаттай жү­реді. Астарында мағына бұғып жатқан әр сөзі әлі күнге әрін жоғалтқан емес. Сол сөздер­дің сыры мен сымбаты кетпегенінің көрінісі – «жігітке жеті өнер де аз» деген аталы сөз. Ел қорғаны болған жігіттен мінсіздік іздегендіктен, жеті өнердің өзін аздық қылған. Атқа шапса, домбыра шертсе, елін жайласа, сөзге ұсталығы, бойда батырлығы, жүректе иманы және білімге жиғаны болса, міне, жігіт! Одан артық өнері болса – жігіттің төресі. Өнері өн бойынан өтіп тұрған өр жігіттерді ел мақтаған. Ал, ел мақтаған жігітті қыз жақтаған ғой. Осы үшін де ертеректегі ерлер жеті өнердің өзін кем көрген. Ол күнгі жігіт те – жігіт, бұл күнгі жігіт те – жігіт. Дегенмен, заманына қарай адамы. Қазіргі ердің өнері өзгерді. Сол үшін де бүгінгінің жеті өнерін жинақтап көрген едік.

Жігіт жанынан табылатын өнерді іздесеңіз, нәзік жандылардан сұраңыз. Расымен, ерді сынайтын да, сыйлайтын да – осы арулар. Қыздар қауымы болмаса, жеті өнер түгілі жет­піс өнердің де қажеті болмас. Жігіт­тің өнері – қыздың керегі. Осыдан болар ердің өнерін есептейм­із деп, сұлудың қажетін түгендегендей болдық.

Ақша тапса, көлік мінсе, танысы­ болса, спортқа таласы, ортасын­ың дарасы, жүректегі иманы мен жиған білімі бойынан табылса – жігіттің төресі.

Объяснение:

Жігітке жеті өнерде аз.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi