Өнер-білім бар жұрттар Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден
Көзіңді ашып-жұмғанша
Жылдам хабар алғызды.
Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге
Күн жарымда барғызды.
Адамды құстай ұшырды,
Мал істейтін жұмысты
От пен суға түсірді.
Отынсыз тамақ пісірді,
Сусыздан сусын ішірді.
Теңізде жүзді балықтай,
Дүниені кезді жалықпай,
Білгендерге осылар
Бәрі-дағы анықтай,
Білмегенде танықтай
Біз де бекер жатталып,
Осыларға таныспай
Ат өнері білінбес
Бәйгеге түсіп, жарыспай.
Желкілдеп шыккан мен шетей
Жасөспірім достарым,
Қатарың кетті-ау алысқа-ай,
Ұмтылыңыз, қалыспай
Біз надан боп өсірдін
Иектегі сақалды.
«Өнер - жігіт кері», – деп
Ескермедін маңалды.
Біз болмасаң, сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,
Сіздерге бердім батамды.
Составьте 5 вопросов