Өнер-білім бар жұрттар Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден
Көзіңді ашып жұмғанша
Жылдам хабар алғызды.
Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге
Күн жарымда барғызды.
Адамды құстай ұшырды,
Мал істейтін жұмысты
От пен суға түсірді.
Отынсыз тамақ пісірді,
Сусыздан сусын ішірді.
Теңізде жүзді балықтай,
Дүниені кезді жалықпай.
Білгендерге осылар
Бәрі-дағы анытай,
Білмегенге танықтай.
Біз де бекер жатпалық
Осыларға таныспай.
Ат өнері білінбес
Бәйгеге түсіп жарыспай.
Желкілдеп шыққан көк шөптей
Жаңа өспірім достарым,
Қатарың кетті-ау алысқа-ай,
Ұмтылыңыз қалыспай.
Біз надан боп өсірдік
Иектегі сақалды.
«Өнер – жігіт көркі» деп
Ескермедік мақалды...
Бұл тақырып бойынша нақты ақпаратты сіз мына тапсырмаларды орындау арқылы аласыз:
1) 3-тапсырма 1-деңгей: Оқылым мәтінінен деректі және дерексіз зат есімдерді анықтап жазыңыз.
ответ: Өнер-білім- дерексіз.
Жұрттар- деректі.
Объяснение:
Деректі деген- қолмен ұстап, көзбен көруге болатын заттар.
Дерексіз деген- көре алмайсың, ұстай алмайсың, оны тек сезінесің.