НЕПРАВИЛЬНЫЙ ОТВЕТ, БАН! 5-тапсырма. Төменде берілген сөйлемдерден бірыңғай мүшелерді тауып, астын
сызыңдар. Олардың сөйлемдегі қызметтерін анықтап, талдау жасаңдар.
1. Ел жата Есбол, Еламан, Рай келді. Шиделi күпілі, сеңсең тымақты
бұжыр қара кісі ат үріккен жаққа жылан көзін жылдам тастады да,
тізгінін сәл тежеді (Ә.Нұрп.). 2. Құланиек таңды, шашырап шыққан
күнді оған биік таулар көрсетпеді (Ғ.Мұст.). 3. Бет-аузына адам тура
қарай алмайтын қара шүбар орта бойлы Есенейге ағасұлтан əрі тандана,
әрі қауіптене қарайтын еді (Ғ.М.).
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері - сөйлемнің бір ғана мүшесінің қызметін атқаратын, бір ғана сұраққа жауап беретін, көбінесе бір тұлғада, бір сөз табынан жасалып, бір ғана сөзге қатысты болатын сөздер тобы. Сөйлемнің барлық мүшелері де сөйлемнің бірыңғай мүшелері бола алады.