Не сохранено
– Біріншіден, мүмкін ақша үнемдейтін
шығар. Өнер деген – интеллектуалдық жеке
меншік. Шын мәнінде, интеллектуалдық
еңбекке лайықты еңбекақы төленуі керек.
Бүгін, мысалы, Парламентте мәдениет
туралы заң талқыланды. 25 жылдан бері
жазушыларға қаламақы төленбейді екен. Бұл,
былайша айтқанда, нонсенс. Әрине,
театрлардың бәрі бірдей емес.
— Расымен де, театрлар неге арзан әзілге
құмар болып кетті?
Кез келген өнер адамы саясаткер болу керек.
Ол қоғамда не болып жатыр, парламент не
талқылады, қандай халықаралық мәселелер
қаралды, қысқаша айтқанда, бәрін біліп,
бақылап отыру керек. Яғни деңгейі өте
Жоғары, ой-өрісі кең болуы тиіс. Өнер тек
құда мен құдағиға тиісіп немесе әйел болып
Киінген, шалбарын шорт кескен
келіншектерді немесе орысша тіл
сындыратын жастарды сынаумен ғана
шектелмеу керек. Әрине, оның бәрі қажет.
Бірақ интеллектуалдық ізденіс көбірек керек.
Меніңше, әзіл-сықақ театрларында білім,
ізденіс жағы жетіспейтін секілді...
1. Мәтіндегі экспрессивті-эмоционалды
сөздерді теріп жазыңыз.