Nbsp;       наурыз – парсы сөзі, қазақшасы «жаңа жыл», «күн» деген ұғымды білдіреді. 22 наурыз – бүкіл шығыс халықтарының мерекесі. бұл – күн мен түннің теңелетін, қардың еріп, көктің шыға бастайтын кезі. наурыз күнін жаңа жылдың басы – «ұлыстың ұлы күні» деп атап, зор қуанышпен қарсы алған. наурыз күні халық таза киініп, бірін-бірі құттықтап, қуаныш дастарқанын барынша мол жаяды.       наурыз – діні мейрам емес, жалпы халықтық мереке. наурыз – табиғат мейрамы, аса зор салтанат, ұлы жиын. бұл күні «бәріміз де табиғат перзентіміз, оны аялайық, бергеніне риза болайық», – дейді.       бұл күні қандай күнә болса да кешірілуге тиіс, жеке арасындағы бас араздықтар да кешірілуге тиіс. ерте кезде орта азия әкімдері: «бұл күні самарқанның көк тасы да жібиді», – деп  зынданда жатқан тұтқындардың қол-аяғын босатып, кешірім берген.                                                                                                                      бұл күні бірін-бірі мынадай сөздермен құттықтаған: «ұлыс құтты болсын! », «ақ мол болсын! », «ұлыс береке берсін, бәле-жала жерге енсін! ». сөйтіп, бір-бірінің қатесін кешіріп, татуласады, оның аяғы ойын-сауық, ән-күйге жалғасады.       наурыз көже – азықтың жеті түрінен жасалады. қазақстанның әр жерінде көженің құрамына салынатын азық-түлік әр түрлі болғанымен, жетіден аспауы керек. наурыз көженің құрамына бидай, тары, күріш, ет, тұз, сүт, су қосылу керек. бұған қыстан шыққан қазы, шұжық, сүр ет сияқты сыйлы, сыбағалы мүшелер де қосылады

catarshaninp08iio catarshaninp08iio    2   21.01.2020 09:19    8

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi