Найдите прилагательные в тексте: Компьютер ақпараттық үдерісті орындауға арналған құрал . Ақпарат үдерісі дегеніміз – қажетті ақпаратты алу , тыңдау , көру , өңдеу , тарату . Бұл әрекеттерді тез әрі сапалык жасау компьютердің пайдасы өте көп . Мысалы , мұғалімдер пән бойын ша реферат жазғанда оның әдемі әрі таза болуын талап етеді . Қаламмен жазылған және компьютерде терілген жұмыстарды салыстырайықшы . Екеуінің айырмашылығы жер мен көктей . Рефераттың көшірмесі керек болса , файлды ашып , принтермен көшірмесін жасай салу оңай . Оған аз уақыт жұмсалады . Рефератқа сурет керек болса , Оны да компьютер арқылы аламыз . Компьютерден қосымша ақпараттарды , рефератқа қажетті суреттерді тез табамыз . Осылайша компьютердің көмегімен уақытымызды ұтымды пайдаланамыз . Бірақ компьютерді дұрыс пайдаланбасаң , оның зияны да өте көп . Әсіресе ондағы әртүрлі ойындар балалардың денсаулығына , жүйкесіне , миы на зиян келтіреді . Ғалымдар компьютердің адам ағзасына тигізетін мынадай зияны бар екенін айтады : көздің көру қабілетін төмендетеді ; омыртқалардың қисаюына әкеледі ; жүйкеге салмақ түсіреді ; шаршағыштық , әлсіздік пайда болады . Бұған қоса тағы бір зияны : ерік - жігері әлсіз балалар құмарпаздар секілді ком пьютерге тәуелді болып қалады . Мінезі күрт өзгереді , айналасына немқұрайды қарайды . Басқа ойындарға , ақыл - ойды дамытатын қызық тапсырмаларды орындауға талпынысы жоғалады . Компьютерде ұзақ отыру баланың көңіл күйіне де жаман әсер етеді , олар көбінесе ашуланшақ болады . Сонымен бірге балада тек өзіне ғана мәлім « жабық әлем » қалыптасады . Компьютерге тәуелді бала өз достарын да жоғалтуы мүмкін ... • . . Даб