Найди все окончание полезные Жаһанданудың жаңа кезеңінде отандық ғылым саласын ілгерілетудің бір жолы робототехника саласын дамыту болып отыр. Себебі әлемде роботтанудың қарқыны үдеп келеді. Бұрын таңырқап қарайтын құлтемірлер қазір әртүрлі салаларда (ғарыш, медицина, әскери, қызмет көрсету) қолданылады. Еліміз үшін робототехника әлі де жас сала болғанымен, бірқатар мектептерде Робототехника үйірмелері жұмыс істей бастады. Ал Назарбаев зияткерлік мектептері мен «Білім. Инновация» лицейлерінің оқушылары құлтемір құрастыру сайыстарында үнемі жүлделі орындар алып келеді.