Наурыз мейрамы Диалогтті оқып, қолдау көрсету мағынасында айтылған сөйлеу этикеті формасын анықта.
Дастан: - Амансыз ба, апай! Наурыз мерекесі құтты болсын!
Сақыш апай: - Амансың ба, айналайын! Саған да құтты болсын!
Дастан: - Қаладан бүгін келдім, демалысқа шықтық.
Сақыш апай: - Бәрекелді! Демалысың жақсы өтсін, балам. Кел, төрлет, наурыз көжеден дәм тат.
Дастан: - Рақмет, апай, сіздің көжеңіз ерекше дәмді болады.
Сақыш апай: - Іше ғой, бауырсақтан ал. Наурызда көршілер осылай бір-бірінің үйіне кіріп, игі тілек тілегені абзал. Дастан: - Иә, апай, ақ мол болсын! Аман болыңыз!
Сақыш апай: - Көп жаса, балам! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! і
ше ғой
бәрекелді
құтты болсын