Наурыз мерекесінің дәстүрлері Әз. Наурыздың алғашқы күндердің бірінде қазақ халқының нанымы бойынша жердің бетінен ерекше бір гуіл жүреді. Білетін адамдар мұны жұмақтан шыққан қойлар бірінші болып сезеді, оларды баккан қойшы да байқайды дейді. Мұндай күні бүкіл табиғат, жан-жануарлар, адамдар жандана түседі. Бұл күні шаш алуга, тырнак алуға болмайды, әйтпесе сал болып каласын дейді. Айналадағы жан иесінің бәрі «әзден» кейін ғана ерекше күш-қуатқа ие болады. Халықта мынадай қанатты сөз бар: «әз болмай, мәз болма».
Наурыз көже — дәстүрлі ұлттық жылдық тағам. Бұл мейрам күндерінде ас мол дайындалады, келер жылда молшылық, құт-береке болсын деген тілектің көрінісі. Наурыз көже деп аталатын ғұрыптық асты дайындауга зор мән беріледі, оның кұрамына міндетті түрде жеті дәм косылады. Наурыз көже – ұлттың қонақжайлығы мен жомарттығының көрсеткіші.
Наурыз бата. Халыкта батаның түрлері көп. Соның бірі — осы Наурыз бата, Наурызнама өткізгендерге, осы күнге арнап «Наурыз» көжеге шакырғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші, палуандарға тағы баска өнерпаздарға, жас талапкерлерге аксакалдар мен әжелер, ел ағалары бата береді.
Мәтіндегі салт пен сабақты етістіктерді теріп жазыңыздар.
берем тез болама