Наурыз көже су мен тұздан басқа кемінде жеті түрлі азықты ( бидай, тары, құрт, ет, сүт, күріш, май, т,б) пайдалану арқылы пісіріледі. бұл асқа соғымнан әдейі сақталған мүшелер (жамбас,қазы), айран немесе құрт қосылады.наурыз көжеге ауылдағы әр үй бірін-бірі кезекпен шақырған.әрбір келген кісе сол үйден бір кеседен көже ішуі тиіс деп есептелген. көже ішіп болған соң, үлкендер ақ тілеу айтып, бата берген.