Наурыз айы туғанда,
Той болушы еді бұл маңда.
Сақталушы еді сыбаға,
Сапарға кеткен ұлдарға,
Наурыз айы туғанда.
Наурыз, наурыз, күн игі!
Күні игі жердің – түрі игі.
Бауыры жылып науат-қар
Бабымен ғана жiбиді.
Шашылып ырыс шанақтан,
Шақырып бір үйбір үйді
Шаттанушы еді бір игі.
Осынау игі кең жерге,
Наурыз айы келгенде,
Наурыз тойын бергенде,
Көрмегендер де – арманда,
Арманда - оны көрген де.
Келіп ем өмір - орманға,
Наурыз айы келгенде.
М.Мақатаев
А Мәтіннен көркем сөйлеуге тән ерекшеліктерді табыңдар.
Үлгі: науат-қар - образды сөз, қатып қалған қарды
науатқа теңеу.