Нареді. Қырғауылға жақындап келеді де: Бір түлкі қалың ағашты аралап келе жатып, ағаштың басында отырған қырғауылда
Сәлеметсіз бе, қырғауылым! Халіңіз қалай? – дейді.
Қырғауыл:
- Жақсы, өзің қалай тұрасың? — дейді.
Түлкі:
— Жерге түсіп, сөйлессеңіз қайтеді? Бір құлағым естімеуші еді.
Қырғауыл:
- Жерге түсуге қорқамын. Жерде әр түрлі аңдар бар. Бізді жеп қоюы мүмкін, – дейді
Түлкі:
– Әй, достым, қазір заман бұрынғыдай емес. Жаңа ғана келдім, бұйрық шықты. «Біреу-
ге біреу зорлық қылмасын!» — депті. «Қой мен қасқыр бірге жүрсін, түлкі мен тауық, бірге
жүрсін!» — депті, – дейді.
Қырғауыл:
- Жақсы хабарыңыз бар екен, рақмет, достым! Мына жақтан бір иттер келе жатыр. ин-
терге де хабарыңызды айтыңыз. Олар да жақсы хабарды естісін, – дейді.
«Ит» деген сөзді естіген соң түлкі алды-артына қарамастан, қаша женеледі.
Қырғауыл:
– Қайда барасың, Түлкім, бұйрықты ұмытып кеттің бе? – дейді.
Түлкі:
— Кім біледі, бұйрықты олар естімеген шығар, – дейді міңгірлеп. можете перевести?