Жеті қазына — қазақтың дәстүрлі дүниетанымындағы философиялық түсініктердің бірі. Қазақ халқы Жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырып, оның ұғымына мыналарды жатқызады: жүйрік ат; қыран бүркіт; құмай тазы; берен мылтық; қанды ауыз қақпан; майланғыш ау; өткір кездік.