Напишите сочинение на казахском языке на тему: природа города астаны. мне нужно на ! за ответ вам большое большое

zizi2020 zizi2020    2   01.06.2019 10:00    3

Ответы
надечка2005 надечка2005  02.07.2020 15:03

Астана қаласының табиғаты.

Еліміздің бас қаласы, Отанымыздың жүрегі, мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы - Астана қаласы Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.

Климаты шұғыл континентті, оңтүстікке қарай шөлейттенеді. Қазақстанның осы бөлігінде жыл мезгілдерінің өз ерекшеліктері бар. Қар мол жауып, қысы ұзақ болады. Орташа жылдық температурасы 3,1 °C. Жауын-шашын жылына 300 мм түседі. Жаздың орташа температурасы шамамен 20°С болғанымен, Орта Азияның ыстық ауа массаларына байланысты максималды температурасы 40 °C болуы де мүмкін.

Наурыздың аяғына таман көктем кеш шыққанмен, табиғат әсем түрге енеді, бұл кезде сарыгүл мен бәйшешек гүл атады.

Астана қаласы қуаң аймақта орналасқан, негізгі су қоры өзен және жерасты су көздерінен құралады. Бастауын Нияз таулары бұлақтарынан алып, қысқы қар, жазғы жауын суымен толысып отыратын Есіл өзені қаланың негізгі су артериясы болып табылады. Есілдің қаладан ағып өтетін тұсынан шағын екі өзен Сарыбұлақ пен Ақбұлақ келіп құяды. Қаланы 25-30 км төңіректе шағын өзен-көлдер қоршап жатыр. Олардың кейбіреуі тұщы, кейбіреуі кермек сулы болып келеді.

Қаланың адамдар үшін онша қолайлы емес құрғақшылық пен қатты желге бейім даланың ортасында орналасқанына байланысты, қала айналасын жасыл белдеумен - ағаштар мен басқа да жасыл кеңістіктермен жабдықтау бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылуда.

Күн өткен сайын елордамыз көркейе түсіп, қала аумағында жасыл желектер, түрлі әсем өсімдіктер мен гүлдер көптеп отырғызылуда.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi