Напишите сходства и различия между кыргызстаном и туркемнестаном Қырғызстан Көрші айыр қалпақты ағайындар елінде бұл мейрам айрықша тойланады. Көктемгі мейрамда дастархан жайылып, май, қант және бидай ұнынан жасалған дәстүрлі ұлттық тағам – сумелек (сүмөлөк) және көже дайындалады. Халық арасындағы сенімге байланысты “су” және “мелек”(періште) сөздерінен құралған. Және бұл тағам жәннәт тағамы, қасиетті екендігі айтылады. Қарызынан құтылып, адамдар бір-бірімен татуласады. Кейбір жергілікті сенім бойынша мейрам күні нәресте дүниеге келсе, есімін "Нооруз" деп қояды. Ал, қар жауу да - жақсылықтың нышаны. Қазіргі таңда, Қырғызстанда бұл мейрамда алаңдарда жалпыхалықтық серуендер, мерекелік концерт пен ұлттық ойындар өтеді.
Түрікменстан Түрікмендерде көктем мейрамы Наурызға байланысты қазіргі таңда халыққа танымал кейбір ырымдар бар. Мәселен, “Егер наурызда күн бұлтты болса, онда осындай ауа-райы маусым айына дейін созылады" деп күткен немесе “Наурызда қар немесе жаңбыр жауса – жыл егінге қолайлы әрі өнімді болады” топшылаған. Наурыз мерекесінде алғашқы жаңа маусым басталады. Яғни сол мерзімде, шопандар қасқырларға шабуыл жасайтын алабайлар шайқасын ұйымдастырады. Сонымен қатар, тағы бір жаңашылдық үрдістің пайда болып келеді. Түрікменстан "Наурыз Байрамы" кезінде әйелдердің қоғам өміріндегі рөлінің танылуы мақсатында Әйелдер күнін, Аналар күнін атап өтіп келеді