Напишите предложение про тюльпаны казахстана

05971vitaznadez 05971vitaznadez    2   08.09.2019 03:40    1

Ответы
kira183kira kira183kira  07.10.2020 00:07
Қызғалдақ (Tulipa) – лалагүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін пиязшықты өсімдік. Қазақстанның далалық аймақтарында жиі кездеседі, 32 түрі бар, оның 11 түрі – Қазақстандікі болып саналады. Бұлардың биіктігі 3 – 50 см. Сабағы жұмыр, тік өседі. Тамырымен жалғасқан буынында пиязшығы болады.Гүл қоршауы ақ, қызыл не сары. Жемісі – қауашақ. Қызғалдақтың пиязшығын күзде гүлі түскеннен кейін жинап алып, оны құрғақ, салқын жерде сақтап, көктемде егеді. Қызғалдақ әсемдік және гүлінен хош иісті зат алу үшін өсіріледі. Қызғалдақтың өте сирек кездесетін 13 түрі (Альберт қызғалдағы, Борщов қызғалдағы, Грейг қызғалдағы жəне т.б.) түрлері қорғауға алынып, Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi