Напишите ! нужно!

айтылым
берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұбыңызбен диалог құрастырыңыз (6-8
сөйлем). диалогке қатысуда сұраулы, хабарлы, лепті және бұйрықты сөйлемдердің
интонациялық ерекшелігін ескеріңіз. [10]
ұсынылатын тақырыптар
1. сіз үшін отбасының маңызы қандай?
2. отбасыңызда қандай мерекелер тойланады?
3. сізге қала өмірі ұнайды ма, әлде ауыл өмірі ұнайды ма? неліктен?
4. қала мен ауыл өмірінің ерекшеліктерін сипаттап айтыңыз.
5. өзіңіз тұратын мекеннің қандай артықшылығы бар?
6. қазақстанда қандай таулар бар? олар туралы не білесіз?
7. тауға саяхат жасаған дұрыс па? сіз ұнатасыз ба?

Bogdasha30060t Bogdasha30060t    3   20.10.2019 19:32    85

Ответы
Djajdjo Djajdjo  10.10.2020 08:18

«Сіз үшін отбасының маңызы қандай?» диалог.

Мейрамбек: Әпке, осы «Отан отбасынан басталады» деп жатады үлкен кісілер, осы сөздердің мағынасы қандай?

Алтыншаш: Жаным, шындап келгенде, әрбір отбасы қоғамның бір бөлшегі, шағын Отан. Отбасы – әрқайсымыз үшін сүйіспеншілік, сыйластық, жарастық, татулық орнаған қасиетті мекен. Осы кішігірім «Отанымызда» бойымызға дарыған тәлім – тәрбие, елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілік, ар – намыс қағидалары өмір бойы бізді жетелеп жүреді. Себебі, отбасының бала тәрбиесінде алар орны ерекше, баланың қалыптасуы отбасынан бастау алады.

Мейрамбек: Сонда, біздің отбасымыз да Отанның бір бөлшегі сияқты ма?

Алтыншаш: Дұрыс айтасың, әрбір отбасы қоғамның бір мүшесі ретіндей. Отбасының адам өмірінде алар орны мен маңызы ерекше.

Мейрамбек: Ал отбасының қандай маңызы бар?

Алтыншаш: туған үйдің жылуы адам көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ата мен ананың тәрбиесі қатар жүрген жерде жақсы азамат қалыптасатыны сөзсіз. отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – адам ғұмырының тірегі ғана емес,  қоғамның да басты негізі.

Мейрамбек: Мен сіздің арқаңызда бұл терең ұғымның мағынасын енді ғана түсінген сияқтымын. Рахмет сізге!

Алтыншаш: Оқасы жоқ, алтыным!

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi