Напишите на казахском 6 предложений про папу и 5 пословиц про папу

gilmutdinova011 gilmutdinova011    3   16.07.2019 23:40    1

Ответы
Sonialovegirl Sonialovegirl  21.09.2020 14:16
 Әке - отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез - құлқы, өзгелермен қарым - қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының пейіл - береке, ынтымағы үшін отағасының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі де зор. Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады.   мақалдар;Алты аға бірігіп әке болмас, 
Жеті жеңге бірігіп ана болмас.

Әке балаға қарыз, 
Бала далаға қарыз.
 
Әке балаға сыншы.

Әкеден — ақыл, анадан — мейір. 

Әкеден безген ұл болмас, 
Анадан безген қыз болмас.

Әке жүрегі таудан үлкен, 
Ана жүрегі теңізден терең.

Әкелі бала жаужүрек, 
Әкесіз бала сұмжүрек 
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi