Напишите эссе на тему "Жібек жолы"

Требование к эссе:

* 50-60 слов


Напишите эссе на тему Жібек жолыТребование к эссе:* 50-60 слов​

NikulinStasFrost NikulinStasFrost    3   12.02.2021 12:46    0

Ответы
tanyagrey03 tanyagrey03  14.03.2021 17:32

Объяснение:

Ұлы Жібек жолы - әлемдік өркениет тарихындағы неғұрлым елеулі жетістіктердің бірі.Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы. Тарихи жолдың жібек саудасына байланысты "Жібек жолы" атанғаны түсінікті. "Ұлы" сөзінің қосылуы жолдың кең-байтақ Шығыс өлкелері мен Батыс өлкелерін байланыстырып жатуынан. Сондықтан "Ұлы Жібек жолы" болып тарихқа енді.

Жол бұдан 3-4 мың жыл бұрын болған. Ол Қытайдың Хан патшалығы кезінде ғана өркендей бастаған, себебі Хан патшалығының Хан Уди патшасы Жаң Чянды батыс өңірге екі рет жіберіп, Орталық Азиядағы елдермен достасуға пейілді болған. Жаң Чян қазіргі Ферғана, Самарқан және Балқаш көлі сияқты жерлерге барған. Жаң Чянның сапары бұл жолды шығыс пен батыс үкіметтері арасындағы байланыс жолына айналдырған. Осыған орай саудагерлер де «Жібек жолында» ат ізін суытпаған. Жаң Чян батыс өңірге және Орта Азияға Қытайдың жібек өнімдерін ала барған;ал, елге қайтарында барған жерлерінің тауарлары және батыс өңірінің музыкасы сияқты алуан түрлі мәдениетті алып қайтқан. Жаң Чянның сапары қытайлықтардың батыс өңір мен Орта Азияны түсінуіне мүмкіндік берді. Ал Жаң Чян барған жерлердегі халық та Қытайдың өнімдері мен мәдениетіне қатысты түсінігін анағұрлым тереңдетті. Осылайша, бұл жол гүлденіп, көркейе бастады. Шығыс пен батыстың аралығындағы дәнекерге айналып, өркениеттерді өзара тоғыстырды. Осы жолды қорғау және дамыту мақсатында, Қытайдың әр дәуірдегі патшалары жол бойына қарауыл қойып, әскер тұрғызды.Байланыс кезінде олардың араларында жасалған саудада қымбат бағалы жібектің жүргендігі сөзсіз. Қытай деректері бойынша, VI ғасырда Батыс Түрік қағанының және нөкелерінің жібек шапан кигендері белгілі. VI ғасырда жібектің бүкіл Еуразияға әйгілі болған кезеңі.  

Қазақ жеріндегі көне керуен жолдарының тарихы б. з. д. I мыңжылдықтың орта шеніндегі "далалық сақ жолынан" басталады. Геродоттың жазуы бойынша, жол Қара теңіз маңынан Дон жағалауына дейін, одан Оңтүстік Оралдағы савроматтар жеріне бағытталып, Ертіс бойы мен Алтайға, Зайсан көліне дейін созылған. Қазіргі ғылым мен техниканың тамаша жетістіктері, ғарыштан түсірілген бейнекөріністер Еуразияның бел ортасынан өткен осы көне маршруттың ең қолайлы жол екендігін дәлелдеп отыр.  Бір таңғаларлық нәрсе-қазіргі заманғы көлік жүретін жолдар мен темір жол ежелгі дала жолының бағытын дәлме-дәл қайталауы.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi