Напишите эссе на тему сарыагаш на казахском!

Evtushhelp Evtushhelp    2   11.09.2019 05:40    4

Ответы
Вано153 Вано153  10.09.2020 01:29
Облыстың оңтүстік белігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік 1928ж. Келес ауданы болып құрылған. 1939 жылдан Сарыағаш аталады. Жерінің аумағы 7,7 мың шаршы шақырым. Тұрғыны 226,7 мың адам. Аудандағы 154 елді мекен 1 қалалық, 1 кенттік және 24 ауылдық округтерге біріктірілген. Орталығы- Сарыағаш қаласы.

Аудан жері негізінен төбелі, қырқалы жазықты келеді. Солтүстіктен Белтау жотасы (592 м), батысын Ызақұдық құмы, Қауынбай молда жотасы, оңтүстіктен Шардара бөгені алып жатыр. Жер қойнауында мәрмәр, құм, бентонит балшығы, шипалы минералды суы барланған. Климаты континенттік, қысы жұмсақ, жазы ыстық, қуаң. Ауаның жылдық орташа температурасы қаңтарда -2-3″С, шілдеде 24-28-С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200-300 мм. Ауданның батысын бойлай Сырдария, оңтүстік-шығысынан Келес, Құркелес, Ащысай өзендері ағып өтеді. Жері сұр топырақты және құмды келеді. Бетеге, жусан, жүзгін, баялыш, өзен бойларында қамыс, бұта аралас ағаш өседі. Қасқыр, түлкі, қоян, саршұнақ, күзен, жылан мен кесірткенің түрлері кездеседі.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
КулБои КулБои  10.09.2020 01:29
Сарыағаш Шипажайы – емдеу орны. Сарыағаш ауданында орналасқан бальнеологиялық «Сарыағаш шипажайы» АҚ. 1953 – 56 жылдардан емдеу орнына айналды. Сарыағаш шипажайы шаруашылық ұңғымалардан тәулігіне 84 м3 су алады. Ауасы құрғақ, жазы ыстық, ұзақ, қысы жұмсақ. Емге пайдаланатын минералды суының температурасы 49 – 52С. Құрамында кремний қышқылы, радиоактивті элементтер, азот, гидрокарбонат, натрий, калий, кальций, магний, алюминий, мыс, марганец, молибден және микроэлементтер бар. Ас қорыту органдарының қызметі, зат алмасуы бұзылған, жүйке жүйесі, қол-аяқ, тері, әйел ауруларымен сырқаттанғандар емделеді. Сарыағаш шипажайы шаруашылық Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге де белгілі.[1]
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi