Напишите эссе на тему "менің туған жерім,қазақстан".напишите эссе с глаголами настоящего и будущего времени

ElizabethFilps ElizabethFilps    3   04.10.2019 09:00    2

Ответы
Oxico127 Oxico127  04.10.2019 09:00

менің туып өскен жерім - егеменді қазақстан. қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар өмір сүреді. сол жерде біздің ата-, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен. қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «отаның-алтын бесігің», «отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. өз отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті. ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата- елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. өйткені отан біз үшін оттан да ыстық.  

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi