Напишите эссе на тему Қазақтың тұңғыш журналист қыздары на казахском !

Роксолана123456789 Роксолана123456789    1   09.12.2021 16:58    1

Ответы
пацанизшараги пацанизшараги  28.01.2022 13:12

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақтың алғашқы журналист қыздары кімдер? Осындай сұрақ ортаға шыққанда бірауыздан Нәзипа Құлжанованың атын атаймыз. Әрине, Нәзипа апамыз өзі бас болып, қазақтың тілші қыздарына журналистикаға апаратын жол салып берді. Ал одан кейін ше? Нәзипа апамыздың ізін басып журналистиканың пұшпағын илеген қазақтың қыз-келіншектерінен кімдерді білеміз, деп жазады Айқын газеті.

Нәзипа - тұңғыш журналист

Нәзипа Құлжанова (1887-1934) Қостанайдағы қыздар гимназиясын тәмамдады. Сөйтіп, Семейдегi мұғалiмдер семинариясында сабақ берді. Осы кезден бастап қазақ әйел­дерi арасынан дараланып, ұлт­тың жоғын жоқтады. Қазақ мектептеріне арнап оқулық жазды. Тек педагог, ғалым ғана емес, қаламы қарымды журналист ретінде де қоғамға үн қосты. Қазақ, Айқап, Бірлік туы, Жаңа мектеп секілді басылымдарда Нәзипа қазақ тағдырына, оқу-ағартуға қатысты мақалаларын жариялады. 1923 жылы - Мектептен бұрынғы тәрбие, 1927 жылы Ана мен бала тәрбиесі секілді әдістемелік кітаптарын дүниеге әкелді. Екіншісіне Ахмет Байтұрсынов алғысөз жазды.

Нәзипа Абайды қазаққа таныт­қан зиялылардың бірі болатын. Жүсіпбек Аймауытов Айқап журналына бұл туралы: Біздің қазақта ұлтқа қызмет еткен әйелдің алды Нәзипа ханым болып шежіреде жазылуы тиіс деп жазды.

Иә, Нәзипа қазақ журналис­тикасына елеулі үлес қосты. 1922 жылы - Еңбекші қазақ газетінде, 1923 - 1925 жылдары - Қызыл Қазақстанда (қазіргі Ақиқат журналы), 1925 - 1929 жылдары Әйел теңдігі (қазіргі Қазақстан әйелдері) журналдарында жауапты қызмет істеді. Айта кетейік, Нәзипа Құлжанова - қазақ зиялысы Нұрға­ли Құлжановтың жұбайы болатын.

Қазақтың үш қызы

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi