Напиши сочинение на тему Менің атам

Вайнесс Вайнесс    3   14.09.2020 06:50    0

Ответы
КаМиЛлА2911 КаМиЛлА2911  14.09.2020 07:01
Менің атам ел жұртқа сыйлы, қазақи болмысты, қысылғанда талайы келіп арқа тұтқан беделді жан еді,
Шырайы жарқын, кесек ойлы, жанары әрдайым жарық жұлдыздай жанып тұратын өнегелі азамат, өзіне ғана тән ұтқыр да, ұшқыр сөз тұрпаты мен ағайынның ақылшы, қамқоршысы бола білу болмысын бойында қатар ұштастырды. Ер жетіп, ес білгелі атамның ұлағатты сөздері мен үшін өмірлік азық болды. Азық болғанда көмейден өтіп, тәнге қуат бермейді, көкейіңе қонып, жүректен орын табады. Жастайымнан жадыма ақыл мен білім нәрін құйған кісінің қалжыңы мен тапқырлығы аралас әңгімелері ойыма жиі оралады.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Ксеньд0ль Ксеньд0ль  14.09.2020 07:01

Сенын атан озын жаз! Не атан жок па?

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi