Напиши эссе по казахскому языку на тему "Судың адам ағзасына пайдасы на 50-60 слов​

TuyaChimitova TuyaChimitova    1   22.12.2020 18:19    3

Ответы
kirilln2 kirilln2  21.01.2021 18:20

Ғалымдардың айтуынша, адамның өмір жасының ұзақтығы сумен байланысты. Бұрын адамдар судың тазалығына онша мән бермейтін. Қазір оның сапасына міндетті түрде назар аударады.

Адамдар таза судың қаншалықты маңызды екенін білмегендіктен, оның орнына шай, кофе, шырын секілділерді тұтынады.Су адамның дене мүшелеріне әсер етіп, дене қызуын тұрақтандырады. Оның құрамындағы заттар ағзадағы қажетсіз боқаттарды сыртқа шығарып, тазартады. Мұнымен қатар, зат алмасу процессін ретке келтіріп, ағзаға пайдалы заттардың тез сіңірілуін қамтамасыз етеді.

Тәні сау адамның ағзасында 75-80%, ал семіздік ауруына шалдыққан адамның ағзасында 65% сұйықтық болады. Бұл ағзада су мөлшері жетіспесе, адамның семіздік ауруына шалдығып, ісініп кететіндігін меңзейді.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi