Написать ссэ на казахском языке, на тему "уақыт-керемет сый"

MrDackes MrDackes    1   28.09.2019 22:20    2

Ответы
Pro100god322 Pro100god322  04.08.2020 18:55
Уақыт - бізге берілген ең асыл құндылықтың бірі. Ол біз үшін өте қымбат дүние. Өмірдің өзінің басы мен шегі бар, тумақ пен өлмек бар десек, сол екеуінің арасы -уақытпен өлшенген ғұмыр. Ғұмыр біреуге аз, біреуге көп берілетіні тағы бар. Уақыттың қадірін оны жоғалтқан жақсы біледі, өміріндегі ынғайлы сәттерін қолайлы пайдалана білмей, сан рет санын соққан жақсы ұғынады. Уақыттың бағасын дұрыс анықтап, байыбын жете түсінген кешегі өткен көп ойшыл, дана ғалым, кемеліне жеткен қанша жан ол туралы өз өсиеттерін айтып кеткен. Уақытты тиімді пайдалана білу өзгеріс - құбылыс әп-сәтте ақ түрленіп сала беретін осы заманда тіптен маңызы артұан. Кейде, артқа қайтатын уақыт мәшинесі болса екен деп те армандайсың. Ол ешқашан да бір орында тоқтап қалмайды. Уақыт - керемет сый. Сондықтан, уақытымызды құр босқа өткізбегеніміз дұрыс.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi