«Уақыттың бар болуы – барлық оқиғаның бір мезетте болмайтындығымен тікелей байланысты» деп Альберт Эйнштейн айтып кеткен. Уақытты әр адам денсаулығына, жасына, көңіл-күйіне, қызметіне байланысты әр түрлі өткізеді және әрқалай қабылдайды. Адам есейген сайын, уақыты зымырап өтіп жатқандай көрінеді. Уақыт адам жайбарақат күйде болғанда тез өтіп жатқандай болғанымен, асыққанда өте жылдам, ал кей кезде бір нәрседен қорыққанда немесе бір нәрсені күткенде уақыт өтпей қояды, тоқтап қалғандай сезінесің. Отырыста, жұмыста жаныңда көңілді адамдар болып, олармен сөйлесіп отырсаң, уақытың сәтті әрі тез өтетін секілді, ал мағынасыз көп сөйлейтін адаммен уақытың жәй өтетінін байқайсыз. Осы кезге дейін уақытқа ғылымда анықтама берілмегенмен, уақытты үнемді пайдаланатын адамның өзі секілді. Француз зерттеушісі Мишель Сифр 1960 жылы тәжірибе жасайды. Ол күн көзі көрінбейтін, жарығы мен сағаты жоқ үңгірге кіріп екі ай өмір сүріп көрген. Нәтижесінде, 4-5 сағат болмаса, әдеттегі 24 сағаттан жаңылмаған. Яғни, уақыттың ақырын немесе жылдам өтуі тек өзіңізге байланысты. Әрдайым жаныңызға жақсы адамдарды жинап, уақытты тиімді пайдалана біліңіз деген қорытындыға келеді.