Написать сочинение на тему мой день рождения на казахском языке

zaycevakatyany zaycevakatyany    3   27.05.2019 06:20    9

Ответы
anna6pie anna6pie  23.06.2020 22:59

Менің туған күнім

Бүгін менің  туған күнім. Мен он бес жасқа толып отырмын. Бұл күнді асыға күттім. Үйде ата - анам бауырларым сағат түнгі он екіден бастап құттықтап, маған тосын сый жасады, сыйлықтарын сыйлады. Мен өте қатты қуандым.

Таңертеңнен бастап көңілім көтеріңкі болды. Анам мен әпкем тәттілер әзірлеп, бүгін қонақ күтуге дайындалуда. Сабақтан келіп мен де оларға көмектесе кеттім. Кешке үйге қонаққа ағайын - бауырлар келеді. Жаңа әдемі көйлегімді  кидім.

Қонақтар маған ақ тілектерін айтып, түрлі сыйлықтар ұсынды. Әпкем  маған арнайы үлкен торт пісірген болатын. Ол өте дәмді шығыпты.

Туған күнім ойдағыдай өтті. Енді демалыс күні достарыммен кездесіп, тағы туған күн тойлайтын боламыз.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi