Қазақстан аумағын шартты бес аймаққа бөлуге болады: Батыс Қазақстан аймағы, шығыс Қазақстан аймағы, оңтүстік Қазақстан аймағы, солтүстік Қазақстан аймағы және орталық Қазақтан. Әрбір аймақтың өзіндік ерекшеліктері бар.
Мәселен, Батыс Қазақстан аймағы — Орталық пен Оңтүстік Қазақстан және Орта Азия мемлекеттерінің қақпасы болып табылады. Ол республиканың солтүстік-батысында орналасқан. Бай табиғи ресурстар, қолайлы географиялық мекен, Ресей қалалары мен өзге мемлекеттер арасындағы дамыған экономикалық байланыстар сыртқы экономикалық ынтымақтастықтың дамуына көп септігін тигізеді. Басты өнеркәсіп орталықтары: Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау, Ақтау. Кен байлықтары: мұнай, жанармай, түрлі ас тұздары және жер асты кендері мол.
Шығыс Қазақстан аймағының басты өнеркәсіп орталықтары: Өскемен, Семей, Алтай.
Өндірілетін кен байлықтары: түсті металл, алтын, қорғасын, мырыш және жер асты кендері.
Оңтүстік Қазақстан — батыстағы Арал теңізінен шығыстағы Жетісу Алатауына дейінгі және солтүстіктегі Балқаш көлі мен Бетпақдала шөлінен Қазақстанның оңтүстіктегі шекарасына дейінгі үлкен алқапты алып жатқан өңір. Құрамына Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары жатады. Басты өнеркәсіп орталықтары: Алматы, Шымкент, Қызылорда, Жамбыл. Кен байлықтары: мұнай, түсті металл.
Солтүстік Қазақстан - еліміздің ең үлкен астықты ауданы. Қаpa топырақты жерлердің мол болуы егін шаруашылығынын, дамуына игі әсерін тигізеді. Негізгі маманданған саласы (егістік жердің 80%-ы) - жаздық бидай өсіру. Дәнді дақылдар егістіктерінің ең үлкен аумақтары Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарында орналасқан (3 млн га-дан астам). Басты өнеркәсіп орталықтары: Петропавл, Қостанай, Көкшетау
Кен байлықтары: темір, асбест кен орындары, Соколов-Сарыбай темір рудасы.
Еліміздің қақ ортасында орналасқан, ең үлкен алқапты алып жатқан орталық Қазақстанның басты өнеркәсіп орталықтары: Қарағанды, Жезқазған, (Ақмола, Павлодар облыстарының біраз бөлігін қамтиды). Кен байлықтары: көмір, мыс, қорғасын, мырыш, алтын, темір, марганец, вольфрам, молибден, мұнай, түсті металдар т. б.
Қазақстанның жер қойнауында Менделеев кестесінің 99 элементі кездеседі, соның 70 элементінің қоры мол. Оның 60 түрі өндіріледі, 6 мыңға жуық пайдалы қазбалар алынатын кен орындары ашылған.
Қазақстан аймақтары.