Бүгін менің ең қуанышты күнім! Себебі мен бүгін өзіме ұнайтын жұлдызбен кездесемін. Мен ол туралы зерттеп жүргеніме 4жыл болды. Мен жұлдыздың әуендерін сүйіп тыңдаймын! Оның жетістіктерін де жүз пайызға білемін жәнеде ол үшін өте қуаныштымын! Мен жұлдызбен кездесемін дегенді тек түсімде көргенмін. Ал бүгін шынымен уақыты келді. Мен таңертең ұйқыдан тұрдым. Көңіл күйім өте жақсы болды. Жәнеде жұлдызбен кездесуге шықтым. Ол танымал жұлдызғой сол үшін ол тек менімен емес көптеген балалармен де кездеседі. Мен онымен кездестім. Ғаламтордан, теледидардан көргеннен де сымбатты әрі қарапайым жан екен. Маған өз қолын сызып берді. Және мен оған өлеңдерін жатқа білетінімді, сүйіп тыңдайтынымды жәнеде суреттерін бөлмеме іліп қойғанымды айттым. Ол қатты қуанды және менімен суретке түсті. Көкейімде жатқан сұрақтардың жауабын таптым. Үйге көңіл күйім керемет болып қайттым! Жұлдызбен түскен суретімді бөлмеме іліп қойдым! Бұл күн мен үшін ең әсерлі, тамаша күн! Қуанышымда шек жоқ!