Написать про любое дерево на казахском языке

iltubaevapg iltubaevapg    2   25.09.2019 17:30    2

Ответы
ulia115 ulia115  21.08.2020 15:53
Дуб-величайше дерево, росте високе та товсте, кора завжди тверда.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Aslanov1999 Aslanov1999  21.08.2020 15:53
Терек — тез өсетін ағаш, биіктігі 45 метрге дейін барады. Көбінесе 60-80 жыл, тек

кейбір түрлері 120-150 жыл өмір сүреді. Табиғатта 110-ға жуық түрі бар.

Будандастыру арқылы теректің тез өсетін көп түрлері алынған. Тез өсетін қасиетіне

байланысты көгалдандыруда кеңінен қолданылады. Аналық терек мамыр-маусым

айларында мамық шығарып, жер-көкті ластайды, әрі терек мамығына аллергиясы

бар адамдарға қиындық туғызады. Сондықтан көгалдандыруда мамық

шығармайтын аталық теректерді пайдаланған жөн. Ерте көктемде жапырағы

шықпай тұрып, сырға секілді ақ гүл жарады. Жапырағы — жұмыртқа пішіндес,

жиектері аратісті. Терек (лат. Pópulus) – тал тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын ағаштар. Қазақстанның барлық аймағында кездеседі. Өзен жайылмасында, далалық жерлерде, тау

етегінде, бұта арасында өсетін 15 түрі (ақ терек, қара терек мырза терек, т.б.) бар. Бұтақ

шоғыры пирамида пішіндес. Жапырағы жалпақ, сағақты келген, ромбыға не қандауырға

ұқсайды. Гүлі қос үйлі, гүл сырғасы (ұзындығы 3 – 15 см), салбырап ілініп тұрады, онда

аталығы не аналығы ғана болады, жел арқылы тозаңданады. Негізінен, жапырағы

шыққанша гүлдейді. Тұқымынан және атпа тамырынан, шыбығынан көбейтіледі.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi