Написать про любимый вид спорта на казакском про вудбол

Aslanty Aslanty    2   22.08.2019 19:50    0

Ответы
lhfuty lhfuty  26.08.2020 08:38
Футбол — спорттық ойын түрі, аты ағылшын тіліндегі фоот – аяқ, – доп деген сөздерінен шыққан. Футбол — әлемге аса танымал ойындардың бірі.Ойын ұзындығы 100 — 110 м, ені 64 — 75 м алаңда өткізіледі. Биікт. 2 м 44 см, аралығы 7 м 32 см қақпасы бар. Қақпаның сыртына тор керіледі. Футбол добының салмағы 396 — 453 г,  шеңбері 68 — 71 см. Ойынға әрқайсысында 11 ойыншыдан екі команда қатысады. Олар қақпашы, қорғаушылар, жартылай қорғаушылар, шабуылшылар болып бөлінеді. Ойын 15 мин үзілісі бар, 45 мин-тан екі кезеңде өтеді. Өз айып алаңында қақпашыдан басқа ойыншы допты қолымен ұстауға болмайды. Футболдың алғаш 1863 жылы Англияда арнаулы ережесі бекітіліп, тұңғыш қауымдастық құрылды. Сондықтан Англия аталмыш спорт түрінің отаны болып есептеледі.Бірақ Футболға ұқсас аяқ доп ойнының түрлері ежелгі Мысыр, Қытай, Грекия, Римде, ал онан кейінірек Франция мен Италияда дамыған. Кейіннен бұл спорт түрі біраз өзгерістерге ұшырап, футбол деген атаумен бізге жетті.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi