Написать письмо маме (естественно на казахском языке)(не сильно много и что бы не мало)

tsvakhvesna tsvakhvesna    1   10.06.2019 13:30    0

Ответы
dfgds1 dfgds1  08.07.2020 22:03

Анама алғыс хат.

Құрметті менің асыл Анам! Сізге осы хат арқылы өз алғысымды білдіргім келеді. Әрине, менің ойымша, әрбір перзент Анасы үшін не істесе еш артықшылық етпейді. Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмайсың» деген мақал өте орынды айтылған деп білемін. Себебі, ең әуелі барлығымызға АНА қымбат, Сіз маған жарық дүние сыйлап, түн ұйқыңызды төрт бөліп, мәпелеп, тәрбие беріп,осы күнге жеткіздіңіз. Ақ сүтіңізді беріп, аялап, мені қатардан қалдырмай өсірдіңіздер! Әкем екеуіңіздің маған артқан үкілі үміттеріңізді ақтауға тырысамын! Сізге деген алғысым шексіз! Сізге ең бастысы зор денсаулық тілегім келеді! Жүзіңізден күлкі кетпей, қуанышты, бақытты күндеріңіз көп болсын! "Жұмақ аналардың аяғының астында" екенін әрдайым жадымда.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi