Написать на казахском о цветке тюльпане и перевод

Eva5768 Eva5768    2   21.08.2019 18:40    1

Ответы
ruslanalsibaev ruslanalsibaev  09.08.2020 16:54

Қызғалдақ туралы.

Гүл патшасы – қызғалдақ біздің жерімізде Тянь-Шань тауларының етегі мен шөлейт даланың түйісер тұсында пайда болған. Қазақ топырағындағы осынау қарапайым, сондай-ақ ерекше гүлдер өз әдемілігімен көптеген халықтың жүрегін жаулап, біртіндеп бүкіл әлемге тарады.

Шу-Іле таулары, Талас Алатауы мен Ақсу Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы аумағының орталық, батыс және солтүстік беткейлерінде грейг қызғалдағы өседі.

Қызғалдақ – лалагүлдер тұқымдасына жататын к шөптесін пиязшықты өсімдік. Қазақстанда 32 түрі кездеседі. Биіктігі – 3-50 см. Сабағы жұмыр, тік өседі. Тамырымен жалғасқан буы¬нында пиязшығы болады. Қызғалдақтың өте сирек кездесетін 13 түрі (Альберт қызғалдағы, Борщов қызғалдағы, Грейг қызғалдағы, Кауфман қызғалдағы, Шренк қызғалдағы, т.б.) қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Ерекше әсем көркімен дараланатын қызғалдақтың Отаны – Қазақстан болып саналады. Бүгінде жер жүзінде 3 мыңнан астам түрі бар. Олар – біздің дала қызғалдағының ұрпағы.

2002 жылы Нидерланды корольдігіне жасаған ресми сапары кезінде Елбасы Н.Назарбаевқа сол елдің ханшайымы Беатрикс ханым қызғалдақ жайында ағынан жарылып, былай депті: «Ұлы Жібек жолы ғасырлар бойы Еуропаны Азиямен, сондай-ақ Қазақстанды Нидерландымен байланыстырып тұрды. Осы байланыстар біздің елімізге қызғалдақ гүлін әкелді. Бұл гүл осылайша Нидерландыға кең тарады. Гүл саудасында да ол ең өтімді өнімге айналды. Қазіргі кезде қызғалдақ гүлі – нидерландықтардың нөмірі бірінші экспорттық тауары. Сол үшін де Сіздің елге қарыздармыз» деген екен.

Жер шарының қай түкпірінде болмасын алуан түсті қызғалдақтар өседі. Үлбіреген нәзік гүлге әрдайым сүйсіне қарағанмен, оның шығу тарихы мен табиғаты жөнінде көп ойлана бермейді екенбіз. Биолог, ботаник ғалым Анна Иващенконың «Қазақстан қызғалдақтары және жуа тұқымдас өзге өсімдіктер» атты кітабында қызғалдақтың отаны – Қазақстан екендігін анық жазған. Қызғалдақтың тұқымы Ұлы Жібек жолы арқылы Түркияға, кейіннен Голландияға жеткен. Қазақ жерінде өскен гүлдің алыс шетелдерде жаңа түрлері өсірілді.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi