Написать монолог,"отбасылык дәстүрлер"

Masanet Masanet    1   09.06.2019 02:50    1

Ответы
7kotik7myr7myr7 7kotik7myr7myr7  01.10.2020 22:42
Отбасы-қоғамның іргетасы, ажырамас бөлігі. Елбасы «Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады» деген болатын. Осы орайда мемлекет басшысы отбасындағы тәрбиеге аса мән беріп отыр. Барлығына белгілі – бұл әлемдегі шынайы байлық – ол отбасы. Тек қана отбасы бізге күш пен өзімізге деген сенімділік береді, өмір үйрететін сабақтардан сүрінбей өтуге көмектеседі, адамгершілік құндылыққа баулыйды. Тұлға болып қалыптасу көбінде тәрбиеленген ортаға, адамдарға, олардың арақатынасына тәуелді болады. Бір сөзбен айтқанда, отбасы - барлық рөлдері бөлініп қойылған қоғамның шағын моделі болып табылады, әрбір рөлдің шебер орындалуына «отбасылық сюжеттің» дамуын үнемі байқап жүретін кішкентай ғана адам өмірі байланысты.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi