Мен таңертең 07:00-де тұрамын.Беті-қолымды жуамын.Мектеп киімін киіп,шашымды тараймын.Сол кезде анам таңғы ас дайындайды.Таңғы асымды ішіп,мектепке барамын.Мектептен түсте келемін.Келгеннен кейін үй киімімді киіп,түскі ас ішемін.Сәл демалып,сабағыма кірісемін.Одан кейін үйдің шашылып жатқан жерлерін жинап,сәл теледидар көремін.Кешке ата-анам,інілерім келеді.Барлығымыз кешкі ас ішеміз.Кейде ата-әжем келеді.Мен інілерімді ойнатып,төсек саламын.Шамалыдан кейін барлығымз жатамыз.