Написать эссе таулар туралы не былесын

Андрей22256987654 Андрей22256987654    2   21.10.2020 14:20    0

Ответы
Gohanhik Gohanhik  20.11.2020 14:20

Тау жайлы 11 мәлімет Биіктігі 500 метрден асатын геологиялық жаратылыс – тау болып саналады. Ал, 500 метрден төмен болса, дөңге жатқызылады. Күн жүйесіндегі ең биік тау – Олимп (27 км) деп аталады. Ол Марс ғаламшарында орналасқан. Альпі тауы – Австрия елінің аумағының 62%-ын алып жатыр. Ең жас тау тізбектері 50 – 70 миллион жыл бұрын пайда болды. Ал, ең ежелгі таулар 300 миллион жыл бұрын қалыптасқан. Олардың шыңдары дөңгелек болып келеді. Тауға көтерілген кезде, температура төмендеп отырады. Шамамен алғанда, 1 километр сайын 6,5 градусқа түседі. Гималайдағы Аннапурна тауына шыққан адамдардың 20%-ы, қайтып оралмады. Қызықты мәлімет: Кайлас тауының биіктігі 6666 м. Бұл таудан ағылшын ескерткіші Стоунхенджге дейінгі қашықтық – 6666 км. Сондай-ақ, Кайластың маңында өмір сүретін адамдар тез қартаяды екен. 1991 жылы Альпі тауында, туристтер серуендеу кезінде өлі адамдың мәйітін тапты. Мұзда жақсы сақталған адам денесінің жасы – 5300 жыл екен. Бутан мемлекетінде орналасқан Ганкхар Пуенсум тауының шыңына, ешқай альпинист шыға алмады. Жер бетінде ұзындығы 7200 метрден асатын 100-ден аса тау бар. Рейхнольд Месснер – әлемдегі ең әйгілі альпинист. Ол алғашқы болып Эверест шыңына жеткен және көптеген әлемдік рекордтардың авторы.

Толығырақ: https://faktiler.kz/taular-turaly-kyzykty-malimetter/

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Ivanlabur Ivanlabur  20.11.2020 14:20

500 метрден кем емес биіктіктегі геологиялық құрылуларды тау деп санауға болады. Ал, 500 метрден төмен кез-келген нәрсе тау емес, төбе деп аталады.

Теңіз түбінде таудың шыңдары кейде арал деп есептеледі. Көбіне, қоныстанған тауларды аралға жатқызып жатады. Кейде бұл таулар ғана емес, сондай-ақ сөніп қалған жанартаулар.

Ең биік таулар жерде орналаспаған. Мәселен, Марстағы Олимп тауының етегінен шыңына дейінгі биіктігі 21,2 километрді құрайды. Ал марстық биіктігіне қатысты «теңіз деңгейіндегі» жалпы биіктігі – 26 шақырым. Дегенмен, күн жүйесіндегі ең биік тау – бұл Веста астероидтарында орналасқан Реясильвия. Оның биіктігі 22 шақырымды құрайды.

Жер бетіндегі ең биік шың – биіктіктігі 8848 метр болатын Джомолунгма шыңы. Сонымен қатар, қалануынан шыңынан дейінгі ең жоғары биіктіктегі тау – бұл АҚШ-тың Гавайи штатындағы Мауна-Кеа суасты жанартауы. Мауна-Кеаның биіктігі 10203 метрді құрайды, бірақ теңіз деңгейінен жоғары есептегенде бұл жанартау 4205 метрге ғана көтеріледі.

Жер бетінде теңіз деңгейінен санағанда, биіктіктігі 7 200 метрден асатын жүзден астам тау бар.

Егер біздің ғаламшардағы жүз шақты ең биік тауды бір-бірінің үстіне қойсаң, 754,5 шақырым биіктіктегі шың шығады.

Бутанда орналасқан Гангхар Пуенсум тауы әлі күнге дейін бірде-бір альпинист бағындыра алмаған тау.

Альпинистердің көбі көтерілетін тау – биіктігі  965 метр болатын АҚШ-тағы Монаднок шыңы. Бұл тау – тауға шығуды енді бастаған альпиностер арасында өте танымал.

Жер бетіндегі ең ірі жанартаулы тау Мауна Лоаның көлемі 75 мың шаршы метрден асады.

Биік тауларға жауған қар кейде қызғылт түсті болады.

Әлемдегі ең қауіпті тау – бұл Гималайда орналасқан Аннапурна сегізмыңшы шыңы. Статистикаға сәйкес, тауды бағындырғысы келген әрбір төртінші альпинист осы тауда қаза тапқан.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi