Написать эссе на тему: улгили отбасы кандай болу керек?

Nier Nier    3   15.08.2019 18:40    3

Ответы
Ddoj Ddoj  04.10.2020 21:31
                           Үлгілі отбасы қандай болу керек?
Үлгілі отбасында ең бірінші ауызбіршілік болу керек. Бірлік бар жерде тірлік бар дейді атамыз қазақ. Үлкен кішіге үлгі бола білуі керек. Себебі бала өзінің ата-анасына қарап өседі. Солардың әдеттерін қабылдайды. Егер үлкендер бір-біріне сыйластықпен қарап, сыпайы сөйлесіп жүрсе, бұл отбасындағы бала да әдепті болады. Және үлкендер өз ісіне жауапкершілікпен қараса бала да солай істейді. Қандай бір істі балаға үйрету үшін, ұрысып, айқайлап қажеті жоқ, өз ісіңмен үлгі бола біл. Үлгі отбасында әке мен ана өз ата-анасына мейрімді болса, сонда балалары оларға мейірімді болады. Сонымен үлгілі отбасы дегеніміз еңбексүйгіш, адал, қарапайым, қонақжай отбасы.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi