Написать эссе на тему таулар сыры на казахском

Milky0405 Milky0405    1   30.09.2019 12:20    5

Ответы
Dj669 Dj669  30.09.2019 12:20

таулар – жер бетінің жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы құрылымды бөлігі. ұзындығы жүздеген және мыңдаған км-ге дейін созылады. негізінен түзу сызықты (үлкен кавказ, пиреней) немесе доға тәрізді (альпі, карпат) көтерілімдер болып келеді.

таулар алып жатқан көлеміне,құрылымына,жасына қарай: жота, тау жүйесі, тау массиві, таулы қырат, таулы үстірт, тау сілемі болып бөлінеді. аралықтарындағы аласа көтерілімдер, оларды бөліп тұратын ойпауыттардың (тауаралық ойпаңдар, тау аңғарлары, т.б.) бір-бірімен үйлесуінен тілімделеді. таулар жерсілкінулер мен жанартау атқылауынан жиі көтеріліп, әдетте тектоник аймақтарда қалыптасады. пайда болуына қарай тектоник таулар – қатпарлы немесе қатпарлы-жақпарлы құрылымды, бірнеше км-ге көтерілуімен және жер бедерінің қарқынды қалыптасуы мен терең тілімделуімен ерекшелінеді; эрозиялық таулар – неотектоникалық көтерілімдерге ұшыраған, өзен аңғарларымен және уақытша ағын сулармен тілімделген, жер бетінің үстірт тәріздес көтеріңкі бөлігі; жанартаулық таулар – жас таулы аймақ немесе көне платформалық құрылым үстіндегі жанартаулық конус, жоғары көтерілген лавалық жабынды таулар болып бөлінеді. таулар бедерінің негізгі элементтері – шыңы, басы, жоны, беткейі, етегі, өзен аңғарлары. жазық жер бедерінен айырмашылығы тілімделуінің айтарлықтай тереңдігі мен уатылуы, барлық табиғат жағдайларының ала-құлалығы мен қарама-қарсылығының күшеюі. таулы аумақтың негізгі . заңдылығы – ландшафтың биіктік белдеулілігі (биіктік белдемділік) анық көрінеді. тауларды биіктігіне қарай аласа (1000 м-ге дейін), орташа (1000 – 3000 м), биік таулар (3000 м) деп бөледі. дүние жүзіндегі ең биік тау – гималайдағы джомолунгма (эверест) (8848 м), қазақстандағы ең биік тау – хантәңірі (6995 м).[1]

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi