Әрқайсымыздың мектеп қабырғасында өткізген жылдарымыз «мектеп өмірі» деп аталады. Осы он бір жылдың ішінде жардан ұшып, талай сәтсіздікке ұрынып, алғашқы қателіктеріміздің ащы дәмін татамыз. Оның өзін «дәуір» деп атауға болатын шығар. Бұл – махаббаттың, достықтың, сатқындықтың, қолдау мен мейірімділіктің не екенін түсінетін кезең.
Өмір дегеніміздің өзі отбасы, жұмыс, демалыс дегендерді өзара үйлестіру емес пе? Сол секілді мектеп те сабақты, адамдармен қарым-қатынасты және күнделікті еститін жаңалықтарды өзара үйлестіретін жүйе десек те болады. Біз уақытымыздың көп бөлігін мектеп қабырғасында өткіземіз.
Білімнің сара жолы мектептен басталады. Мектеп — білім ошағы. Әр адам осы білім ордасынан алған білімдерін жалғастыра отырып өмірден өз орындарын таба алады.
Мектеп қазіргі қоғамның дамуымен тығыз байланысты.Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.
Мектеп — біздің екінші үйіміз.Мектеп білім беріп қана қоймай, бізге үлкен тәлім — тәрбие, саналы өмір, болашаққа жол сілтейді.