Написать эссе на тему «Бір манамандықты таңдаймын»

ВладДвоичник2002 ВладДвоичник2002    1   26.01.2021 08:57    2

Ответы
LuckyZhenya LuckyZhenya  26.01.2021 09:00

Объяснение:

үаггаггүұүүүүүүүүұкғ ау деймін бір жырын айтып отырған себебім да көп болады да ол былғарыдан жасалған болатын не чего не знаю мен іұұ ол былғарыдан жасалған болатын ол кезде ішінде Бейсен Ахметұлы Қонаев атындағы бас анау айтқандай тал түбіне жайғасқан

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
burcevamarina11 burcevamarina11  26.01.2021 09:00

Мамандық – бұл әрбір адамның сүйіп, әрі қуана жасайтын ісі, оның ертеңгі болашағы. Әр адам мамандығын өзі таңдауы және оған құрметпен қарауы керек. Себебі мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді және адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі.

Адам тағдырының бір бөлігі таңдаған мамандығымен ұштасып жатады. Барлық адам асқақ арман мен биік мақсатқа ие. Әрбірінің өз бағыты, арман қылған бағындырар биігі болады. Ал биік шың адамға оңайлықпен беріспесі анық.

Кемеңгер дана Абай атамыздың «Сенде бір кірпіш дүниеге, тетігін тапта, бар қалан»,-деген қасиетті сөзі өз мақсатына жету үшін біздерге зор мүмкіндіктерге жол ашады. Болашақта үлкен мамандық иесі болатынын арман болмайды.

Осы бір сұрақ өмірге келіп, сана-сезімі жетілген әрбір адамды толғандырары сөзсіз. Бір кездері мен де осы бір сұрақтың жетегінде көп ойланып, қиялдап, өзім қалайтын, өзім сүйіп айналысатын істі таңдау жетегінде жүрдім. Ақырында осы бір сұрақтың жауабында таптым.

Осы сұрақтың жауабы ұстаздық сала еді. Ұстаз- ең алдымен, оқушы үшін білім нәрін құюшы ізгілік иесі, өмірлік тәжірибелерді үйретуші тәлімгер, адамгершілікке баулитын тәрбиеші психолог екені сөзсіз.

Ұстаз әрқашан шәкірттеріне бүгінгі алған білімінің ертеңгі күні қажеттілігіен сездіре алатындай қасиеті бар, мектеп табалдырығын аттаған әрбір жас өреннің болашақтағы көздеген мақсаттарына қол жеткізуіне бағыт бере алатын үлкен тұлға.

Осы бір биік тұлғаны көз алдыма елестете отырып ұзақ ойландым. Расында Ұстаз жан-жақты түсінігі мол, қандай істі болса да тез шешіп, тұжырымдай алатын, ұшқыр ойлы, көреген, батыл Һәм шешен болуы керек.

Ұстаз шындық пен әділдіктің қажымас жақтаушысы, қайратты күрескері болуы тиіс. Қай кезеңде де ұстаздықты ұлы мамандық деп санаған. Ұстазға ақ тәж киген патша да, ақ киізге көтерген хан да бас иіп, тағзым еткен.

Батыстағы Аристотельден кейін екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фараби, ал күллі Шығыс әлемін өзінің данышпандылығымен таңғалдырған «Шығыс ұстазы» атанған Сыма Цян сияқты әлемдегі ұстаздықтың ұлы үлгісін көрсеткен тұлғалар аз емес.

Мені шабыттандырып ұстаздық саланы таңдаттырған осынау ұлылар мен мектепте сабақ берген ұстаздарым еді. Ұстаздықтың ұлы үлгісін көрсеткен тұлғалар мен ұстаздарымның алдында басымды иіп алғысымды білдіремін.

Мен таңдаған мамандық –тарих пәні мұғалімі болу. Мектепте тарихты сүйіп оқитынмын. Оқушыларға қызықты ойындармен сабақ түсіндіріп, тарихты әңгімелеуді қызығып армандайтын едім. Арманыма қол жеткізіп ұстаз атандым. Қазіргі уақытта осы ұстаздық саланы ту етіп, жұмыс жасап жатқаныма екі жылдай болды.

Мамандығым өзімме қатты ұнайды.

Біріншіден — өз мамандығымды сүйем, сол өз мамандығымды сүю арқылы өз шәкірттерімнің жүрегіне жол тауып, оларды өз ісіме сүйсіндіре білдім. Бұл мұғалім үшін зор бақыт, үлкен қуаныш.

Екіншіден – шеберлікпен, шығармашылықпен сабақ жүргізе отырып, шәкірттерімнің ынта-жігерін билеп, өз ерік-қалауымен білімге деген құштарлығын оятып, ұстаздықтың ұлы қасиетін, шын мәніндегі үлкен абырой, бедел, білім күшінің иегері екенін оқушы жүрегіне ұялаттым.

Қай заманның болсын мұғалімі ұлы Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегеніндей, ұстаз деген киелі мамандықтың сырын ашып, қыры мол, терең дүниеге еніп кетсем де, көңілдегі арман толастамай, толқу мен қуаныш қатар алмасып, мектеп деген үлкен дарияда жүзіп келе жатқаным — өз мамандығымды шексіз сүюден болар деп ойлаймын.

Бүгінде осы мен таңдаған тарихшы мамандығының тізгінін ұстап, талайлардың талабы мен талантын тасытып жүрген ұстаздар дүниенің әр бұрышында адамзаттың сауатын ашып, рухани және материалдық құндылықтарды мүмкіндігінше тиімді меңгерудің түрлі әдіс-тәсілдерін терең зеріттеп, теориялық талдаулар мен тәжірибелер жасап, зор табыстарға жетуде.

Менің де осындай биіктерден көрініп және өз мамандығымның қоғамға қажеттілігін сезіне отырып, мықты тарихшы болу үшін барлық күш–жігерімді сарп етуге әзірмін.

Объяснение:

Терип Терип аласынгой:) лучший ответ мне её не хватает :((

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi