Шежіре қазақ, түрікмен, қырғыз, моңғол және т.б. халықтар арасында ауызша сақталған. Бұл халықтардың көне тарихы жөнінде айтылатын мағлұматтар “шежіре”, “тайра”, “тарих”, “сееджер” т.б. болып әр түрлі айтылғанымен “сақтау” деген мағынаны, ал семит-араб тілдерінде “ағаштың бұтағы” деген ұғымды білдіреді. Яғни, арабтар шежірені ата санаумен тікелей байланыстырса, түркілер көнені есте сақтау – тарихты айтумен, тарихпен бір деп түсіндіреді. Демек, шежіре біздің аталарымыз үшін тарих қызметін атқарған. Шежірешілдік көшпелі қоғам туғызған қажеттілік және көшпелілердің әдет-ғұрып, салт-санасының негізінде туған. Ол халықтың этник. құрылымын анықтауға, тұтастығын көрсетуге мүмкіндік беретін төл тарихымыздың нұсқасы, ұлттық рухани мәдениеттің құрамдас бір бөлігі. Ел арасында өткен өмір тарихын өте жақсы білген “шежіре адамдар” болған