Написать чем полезен гранат на каз яз

DanilGrushin1 DanilGrushin1    1   05.08.2019 11:40    1

Ответы
Nikito23 Nikito23  03.10.2020 23:21
Күз - бірқатар жемістер пісетін кез. Соның бірі – анар. Анар көпшілік ойлағандай жеміс емес, ол - жидек. Ескіден халық данышпандары анар жемісінің пайдалылығын анықтаған. Әуелгі баста Пәкістан мен Ауған елдерінде өскен жидек бірте-бірте Еуропаға келіп, Италия, Португалия, Исландия елдерінде жаңа сұрыптары пайда болған. Қиыр Шығыс халқы бұл жидекті «Жеміс-жидектердің патшасы» деп атайды. Тіпті, анардың түбі патша тәжіне ұқсағандықтан, солай атап кеткен деген аңыз бар.
Қиыр Шығыс халқы «а күніне бір шиша анар шырынын ішсе, ешуақытта обыр ауруына шалдықпайды» деген нанымды ұстанған. Уақыт өте келе, анардың зиянды ісікке төтеп беретін күші бар екенін ғалымдар дәлелдеген.
Анар жидегінің құрамында А,В,С,Е дәрумендері мен калий, йод, темір, кремний, кальций сияқты минералды заттар бар. Ал анар шырынында шарап немесе көк шәйға қарағанда антиоксиданттардың мөлшері өте көп.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi