Құнанбай келген уақытта елдің алды қыстаудан киіз үйге шығып қалған еді. Әр қыстаудың жанындағы тақыр ақ үйлер, қоңыр үйлер көрінетін. Кемпір-шалы бар үйлер тамнан түгел арылып шықпай, жастар жағы ғана тынысы кең киіз үйлерін көтерген тәрізді. Құдасының аулына Ұлжан отыз шақты кісімен келген. Алшынбай бұлар келер қарсаңға кең сулы, кең бір жазыққа кеп қонған екен. Қазыбектің өзінен тараған ауылдар, көрші туысқандары бар – барлығы қырық шамалы ауыл осы жерге сіресе қоныпты. Байдың қасындағы жас жігіттер саны – он екі. Мұның көпшілігі Ырғызбайдың жастары және күлдіргі Мырзахан, атшабар Жұмағұл. Жақын туысқаннан Тәкежан бар. Осы топқа Абай өзі шақырып Ерболды қосып алған. Жеті-сегіз күндік жол бойында Абай мен Ербол үнемі жұбы жазылмай, бірге болған. морфологиялық және синтаксистик талдау

lis316721 lis316721    3   04.12.2020 21:23    3

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi