Нағыз аже кандай ? Шыгарма !

Polinaqryp Polinaqryp    1   20.05.2020 10:05    2

Ответы
Superklass1111 Superklass1111  18.08.2020 19:57

Менің ойымша қазіргі барлық әжелердің бейнесі нағыз әже бейнесіне сай келмейді. Мүмкін арасында иманды да өте ақылды әжелер бар, бірақ ондай әжелердің саны күннен-күнге азайып келеді. Мысалы өткен замандағы немесе өзіміздің аналары, яғни әжелерді алып қарасақ ақылы жасына сай, өте пысық әйелдер болған. Ал қазіргі жасы үлкен әйелдерді қарастырсақ, мейлі бәрі емес бірақ көбісі жастармен жарысып киінеді, 21 ғасырға сай болайын деп түрлі нәрселерді пайдаланады.Әрине әжелерді құрметтеу қажет, себебі олар өмірін көрген, қиындықтарды өткізген,бірақ олардың барлығы құрметке лайық емес. Заманға сай болу үшін өзіне жараспайтын қылықтарды істеп, жастар бізді құрметтесін деген оймен жүретіндерде жеткілікті. Бір жағынан айтып кеткендей өткен заманның әжелері жан-жақты болған, олар тек бала бағу оларға ақыл үйретуді ғана үйретіп қоймай, жүректері иманға толы болған, уақытылы намазын тыстамай үнемі дәретпен таза жүрген. Ал қазіргі әжелердің барлығы ондай емес деп ойлаймын. Діни сауаттылық өмірге қажетті, себебі ол арқылы да баланы дұрыс жолға салуға болады. Қорыта келе, айтқым келгені қазіргі заманғы әжелер бейнесі иманды да ибалы, ақыл үйрететін, тек баланы ғана емес өзге адамдарға да жақсы ықпалы тиетін, жақсы ойлар тудыратын бұрынғы әжелерімізге ұқсағаны жөн

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi