Нәтиже сабақ                               
 
   Күй — музыкалық жанр, қазақ халқының аспаптық пьесасы.  Домбыра,
 қобыз,  сыбызғыда шығарылып, тартылып келген. Музыка өнерінің дамуына байланысты, күйлер халық аспаптары оркестрлерінің репертуарларында көп орындалады.
    Күй — қазақ, қырғыз, өзбек халықтарының аспаптық музыкасына тән атау. М. Қашқариға сілтеме жасай отырып, күй сөзінің төркіні "көк" деген түркі сөзінен шығуы мүмкін деген болжамдар бар.
    Күй XIV ғасырда жеке музыкалық жанр болып қалыптасты. Күйлер мазмұны аңыз-ертегілерге, нақтылы тарихи оқиғаларға құрылып, көбіне бағдарламалы түрінде дамыды. Онда халықтың басынан өткен тауқымет пен әділетсіздікке қарсы күресі, азат өмірді аңсаған асыл арманы мен қуаныш сезімі терең толғаныспен өрнек-бояуын тапты. Күйдің мелодиялық-формалық құрылысы, ырғақтық-орындаушылық әдістері сан алуан. Мысалы, Құрманғазының күйлері жігерлі, екпінді, ал Дәулеткерейдің күйлері терең толғауға, романтикалық лирикаға негізделген, Тәттімбеттің күйлері әуейі әсем, тәтті мұң мен қоңыр сазға толы болса, Қазанғаптың күйлері құбылмалы, ойнақы, төкпе жыр іспетті болып келеді.
   Күйлердің көлемі әр түрлі болады. Кейбір күйлердің көлемі 150-ден 200 тактіге (мысалы, Боғданың "Боз төбесі" мен Динаның "Әсем қоңыры", т.б.) дейін жетеді.
1-    Тапсырма: Мәтінді оқып, тақырып пен негізгі ойын анықта.
  Дескриптор:
1.Понимает содержание текста
2.Определяет тему и основную мысль текста
 
Тақырып
 
Негізгі ой ​

1AnGor1 1AnGor1    2   10.02.2021 14:42    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi