Құмырсқа суға кетіп бара жатса, оны көгершін таяқ лақтырып құтқарып алыпты. Құмырсқа рахмет айтып, менің де саған көмегім болар депті. Сонда көгершін, кіп-кішкентай сенен не көмек, деп күліпті. Бір күні көгершін балықшының ауына түсіп, оны балықшы ұстап алғысы келіп, ауды тартады.Балықшы ауды өзіне қарай жақындатқанда ,құмырсқа балықшының аяғын үзіп шағып алады.Балықшы аяғын ұстап отырып қалғанда көгершін ұшып кетеді.