Мына тұрақты сөз тіркесін пайдалана отырып, аналарыңа алғыс сөз дайындаңдар: түн ұйқысын төрт бөлу-түнді ұйықтамай өткізу

RihDest RihDest    2   03.08.2019 09:30    4

Ответы
lsllalap lsllalap  30.09.2020 09:08
Аяулы анашым, сенің орның мен үшін ерекше. Сен мен үшін түн ұйқыңды төрт бөлдің. Мен үшін қаншама түндерің ұйқысыз өтті. Сонда да сен ешбір ренжімей, қабақ шытпай, мені мейріміңе бөледің Жаным, анашым, өзіңе айтар алғысым шексіз. Сенің көңіліңді қуанышқа бөлеп, мақтанышың болу арманым. Себебі, Анашым, сенің ақ сүтіңді өзіңді қанша аяласам да ақтай алмайтынымды, өзіңнің алдында өмір бойы борышты екенімді білемін. Рахмет, Анашым.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi